23 ақп, 2021 сағат 09:15

Юрий Ильин: Су тасқының болу жағдайлары күрделенуі мүмкін

Елді мекендерде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Күннің күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі, сондай-ақ мол жауын-шашын жағдайында елді мекендерде су тасқыны жағдайы күрделенуі мүмкін. Осыған байланысты министрлік авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобын құрды», - деді ол. 

Оның айтуынша, халықты хабардар ету мәселелері пысықталды.Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде шатырлы лагерьлер дайындалды. Күштер мен құралдарды жедел жіберу, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін Қазавиақұтқару әуе кемелері үнемі дайын.

«Жағдай нашарлаған жағдайда біз резервтік топтардың күштері мен құралдарын көшіруге дайынбыз», - деді министр.