Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев «Батькивщина» саяси партиясының көшбасшысы Юлия Тимошенкомен кездесті. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әңгіме барысында қазақстандық-украиналық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешектегі дамуы талқыланды. Тараптар екі ел арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды белсендірудегі мүдделіліктері туралы сөз қозғады. Бұл тұрғыда экономиканың әртүрлі салаларында тығыз кооперациялық байланыстарды қалпына келтіру, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін дамыту қажеттілігі атап өтілді.
Юлия Тимошенко Қазақстанның коронавируспен күрестегі және шағын және орта бизнестің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қолдау көрсетудегі шараларын жоғары бағалады.
Оның айтуынша, бұл елдің экономикалық дамуының тұрақты негізін қалаған, Елбасының кемеңгерлік саясатының нәтижесінде мүмкін болды.