14 қар, 2022 сағат 11:45

Ыстамбұлдағы жарылыс: Түркияның ішкі істер министрі мәлімдеме жасады


Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ыстамбұлдағы жарылыстың артында Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің басшысы TRT Haber телеарнасы эфирінде мәлімдеді.

"Біздің қорытындыға сәйкес, бұған КЖП террористік ұйымы жауапты. Бұған дейін 21 адам ұсталған. Бомба қойған адам қамауға алынды. Жақын арада, бізді осы азапқа салғандарға мұны бірнеше есе қылып қайтарамыз", - деді Сойлу.

БАҚ қызметін бақылайтын Түркияның Жоғары радио және теледидар кеңесі оқиғадан кейін көп ұзамай жарылыс пен оның салдарын көрсетуге уақытша шектеулер қойды.

Жарылыс Ыстамбұлдың орталығында, Бейоглу ауданындағы Таксим алаңы маңындағы адам көп жүретін Истикляль көшесінде болды. Бұл - туристер арасында танымал бағаттардың бірі. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыс алты адамның өмірін қиып, 81 адам жарақат алған.