17 қар, 2025 сағат 13:45

Яна Легкодимованы өлтірген күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Фото: Instagram.com

Бүгін Атырау қаласының соты Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған күдіктілерге үкім шығарды. Екі ер адам да өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ult.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Сотта айыпталушылар ретінде Ганюшкино ауылының 24 және 25 жастағы екі тұрғыны отырды. Сот олардың екеуін де жоғары қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына жазасын өтеуге үкім етті.

Сонымен қатар, сот қаза тапқан жас қыздың анасының азаматтық талап арызын қанағаттандырды: әр айыпталушыдан 15 миллион теңге моральдық шығын және 1 миллион 700 мың теңге материалдық залал өтеу ретінде өндіріп алынды.

Үкім 15 күн ішінде апелляциялық тәртіпте қаралуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 18 қазан күні Атырау тұрғыны, 2001 жылғы Яна Легкодимова үйден шығып, із-түссіз жоғалған. Сол кезде өңірлік полиция департаменті бұл факті бойынша адам ұрлау және өлтіру баптары бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу басталғанын хабарлаған.

24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Янаның анасы Галина қызы туралы айтып берді. Қыз күнделік жүргізген, және оның жоғалғаннан кейінгі күнделігінде күдіктінің кім болуы мүмкін екені туралы кейбір мәліметтер анықталған.

Қыздың денесі тек биылғы жылдың маусым айында табылды. Тамызда іс Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қарала бастады.

Тергеу мәліметтері бойынша, Яна Легкодимованы Атырауда өлтіріп, денесін Еділ өзеніне тастаған. Бұл қылмысқа оның жігіті мен серігі күдіктелген. Іс материалдарына сәйкес, қаза тапқан қыз бір айыпталушының адалдығына күмәнданып, қарым-қатынасты тоқтатуды жоспарлаған.

Сот барысында қылмыстың адам шошырлық деректері жарияланды. Прокурор айыпталушыларға өмір бойына бас бостандығынан айырылуды сұрады.