28 ақп, 2022 сағат 15:20

Вице-министр теңге бағамы туралы: Асығыс әрекет жасаудың қажеті жоқ


Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов доллардың теңгеге шаққандағы бағамының тұрақсыз жағдайына байланысты қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Менің жеке пікірім, қазір асығыс әрекет жасаудың қажеті жоқ. Оқиғаларды қадағалап отыруымыз керек. Қазір бағам құбылмалы болуы мүмкін, бұл оқиғаларды болжаудың қиындығына байланысты.

Бірақ бағам әлсіреуі де, күшеюі де мүмкін дегенді білдіреді. Яғни, асығыс әрекет жасамаған дұрыс. Күтуіміз керек, оқиғалар қалай өрбитінін күтуіміз керек. Менің ойымша, айырбас бағамы жақын арада тұрақтанып, тепе-тең мәндерге оралады", - деді Жақсылықов Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Оның айтуынша, ұлттық валюта үшін белгілі бір қауіп-қатер бар.

"Ресей рублінің бағамы мен қазір болып жатқанның бәрі, әрине, Қазақстан экономикасына және теңге бағамына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Бірақ Ұлттық банк қажетті шараларды қабылдады, оларды көріп отырсыздар. Бүгін таңертең сауда қалай ұйымдастырылатыны туралы ақпараттық хабарлама болды", - деп толықтырды вице-министр.