Сандуғаш Дүйсенова. Фото журналистің Facebook-парақшасынан
Ішкі істер министрінің орынбасары журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Үкімет кулуарында журналистер Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевқа полициядағы түсірілімнің заңдылығы туралы сұрақ қойды. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің журналисті ұстау кезіндегі "заңсыз әрекеттері" туралы ақпарат тараған болатын.
"Тараған ақпаратқа келетін болсақ, әңгіме азаматты жеке тінту тәртібі туралы болып отыр. Бұл тергеу әрекеті Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. Бұл, біріншіден, ертең азамат өзінен артық нәрсе алынды, жоғалды деп айтпамауы үшін жасалады. Егер адам арнайы бөлімшелерде қалатын болса, оған жарақат салды деп айтпас үшін. Ол жерде мүлде жалаңаш болды дегенге келсек, жоқ. Процедура бір жынысты адамдарды тінтуді қарастырады", - деді Қожаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.