02 там, 2024 сағат 11:56

Вирус жұқтырған: Астанада Түркиядан әкелінген 15 мың дана гүл өртелді

Фото: Gov.kz

Астанада Түркиядан әкелінген 15 мың дана гүл өртелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, гүлдер мәдени өсімдіктердің қауіпті зиянкестерінің бірі, өсімдіктердің вирустық ауруларының тасымалдаушысы батыс гүл трипсімен зақымдалған болып шыққан.

"Астана халықаралық әуежайында карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекторлары Түркиядан келген батыс гүл трипсін жұқтырған 15 000 гүлді тәркіледі, сот шешімі бойынша гүл партиясы өртеу арқылы жойылды", – делінген министрлік хабарламасында.