06 нау, 2022 сағат 22:16

Винницадағы әуежай толық жойылды - Зеленский


Украина президенті Владимир Зеленский Винница маңындағы әуежай Ресей әскери күштері ұшырған зымыран соққысынан кейін толығымен қирағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі УНИАН порталына сілтеме жасап.

"Маған қазір ғана Винницада зымыран соққысы жасалғаны айтылды - 8 зымыран. Біздің бейбіт Винницамыздың Ресейге ешқандай зияны жоқ еді. Зымыран соққысы қатты болды, әуежай толығымен қирады. Олар біз, ата-анамыз, ата-әжелеріміз, украиналықтардың ұрпағы құрған инфрақұрылымымызды, өмірімізді жойып жатыр", - деді Зеленский видеоүндеуінде.  

Ол Украина аспанында тыныштық болғанын қалайтынын айтты. 

"Барлық ресейлік зымыран, ресейлік авиация, барлық террорист үшін жабыңыздар. Гуманитарлық әуе аймағын зымырандарсыз, әуе бомбаларынсыз жасаңыздар. Біз - адамбыз және адамдарды қорғау - сіздердің гуманитарлық міндеттеріңіз, ол сіздердің қолдарыңыздан келеді. Егер оны жасамасаңыздар, өзімізді қорғау үшін ұшақ бермесеңіздер тек бір қорытындыға келеміз - демек сіздер де ақырындап біздің көзімізді жоя бастағанын қалайсыздар. Бұл дүние жүзі саясаткерлерінің де, батыс басшыларының да жауапкершілігі. Бүгіннен бастап және біржола", - деді Зеленский.