Мемлекет Басшысының Жарлығымен Виктор Александрович Малиновский Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Виктор Малиновский 1956 жылы 27 мамырда Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің мемлекеттік құқық жəне совет құрылысы кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, деканның орынбасары, Алматы саясаттану институтының мемлекеттік құрылыс жəне құқық кафедрасының доценті болып бастады.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Мемлекеттік-құқық бөлімінің референті, аға референті, Республика Конституциялық Сотының судьясы болып қызмет атқарды.
1995 жылдан 2007 жылға дейін Заңгерлік академиясы – «Əділет» Жоғары құқық мектебінің проректоры болып жұмыс істеді.
Соңғы уақытта «Интерньюс-Қазақстан» мекемесінде заңгер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Заң ғылымының докторы. 12.00-02 мамандығы бойынша кандидаттық (1985ж.) жəне докторлық (2004ж.) диссертациясын М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде қорғады.
2001 жылғы қаңтардан бастап 2011 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
2011 жылғы сәуірден бастап 2016 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 34-VI ПМС қаулысымен ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Бірінші сыныпты мемлекеттiк заң кеңесшiсi. Прокуратураның құрметті қызметкері. PhD, құрметті профессоры ҚазГЗУ.