Қазақстанда утилизациялық алымды қабылдау жүйесі қайта іске қосылды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
"Жасыл даму" АҚ утилизациялық төлемдерді қабылдау жүйесін қайта іске қосты.
"Қазір өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым толық қабылданып жатыр. 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап утилизациялық төлем қабылдау "Жасыл даму" АҚ-ның екінші деңгейлі банктердегі жаңа деректемелерінде жүргізіледі", - делінген ақпаратта.
«ӨКМ Операторы» ЖШС (Оператор РОП) функциялары «Жасыл Даму» АҚ-ына өткен уақыттан бері утилизациялық алым төленгендігі жөнінде 865 сертификат берілген.
Айта кетері, 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев утиль алымы мөлшерін қайта қарап, жекеменшік "ӨКМ операторы" компаниясының қызметін тоқтатуды тапсырды.
Көп ұзамай Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды. Жаңа оператор – "Жасыл даму" мемлекеттік компаниясы.
Қазір құзырлы органдар "ӨКМ операторы" компаниясына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.
Утилизациялық алымның жаңа операторы "Жасыл даму" компаниясын Жанат Самат басқарады.