Фото депутаттың Instagram парақшасынан алынды
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жуырда сұхбат беріп, «Қазақстандағы алаяқтықтың 80 пайызын жасайтын қауым – намаз оқитындар» деген мәлімдеме жасады.
Алайда депутат қоғамда дау туғызған сол мәлімдемесінен кейін де пікірі өзгермегенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni сайты.
Мәжіліс кулуарында журналистер Ринат Зайытовтан «Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен пікіріңізді өзгерткен жоқсыз ба? Өз ұстанымыңызда қаласыз ба?» деп сұрады.
"Бұл туралы әлеуметтік желіде де жаздым. Өз ұстанымымнан таятын болсам, сіздер бірінші естисіздер", - деді ол.
Сондай-ақ депутат даулы мәлімдемесінен кейін Мәжілісте оның тәртібі сөз болғанын айтты.
"Иә, шағымдар, арыздар болды. Дисциплинарлық топ та құрылды. Нақты шағымға өзім жауап бердім. Қалыпты жағдай ғой", - деді Зайытов.