31 қаз, 2022 сағат 19:39

Үндістанда көпірдің құлауы салдарынан қаза тапқандар саны артты


Үндістанның Гуджарат штатында аспалы көпірдің қирауы салдарынан қаза тапқандар саны 141 адамға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Business Insider басылымына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Раджкот округі полициясының бас инспекторы Ашок Ядав растаған. Дегенмен мемлекеттік ішкі істер министрі Харш Сангавидің айтуынша, қаза тапқандар саны 132-ге жетіп, екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сондай-ақ, ол жоғалған екі адам табылған кезде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталатынын айтты. 31 қазанда таңертең Морби мемлекеттік ауруханасы қайтыс болған 99 адамның тізімін жариялады, бірақ зардап шеккендердің жасын көрсетпеді.

Мердігер мен арқанды көпірдің басқарушысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастағаны атап өтілді.