31 қаз, 2022 сағат 10:35

Үндістанда көпір құлап, жүзден аса адам қаза тапты


Үндістанның батысындағы Морви қаласында жаяулар көпірі құлап, 132-ге жуық адам өлген. 19 ғасырдың соңында Махчу өзенінің үстіне салынған аспалы көпір қайта жөнделіп, өткен аптада ашылған. Апат кезінде көпір үстінде 150-ден 400-ге дейін адам жүрген.

Танымал туристік орынға айналған көпір 30 қазан күні кешке құлаған.

Әзіргі мәліметтерге қарағанда, көпір адамдардың салмағын көтере алмаған. ANI ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өлгендердің көбі - балалар, әйелдер мен қарт адамдар. Құтқарушылар өлгендер мұнан да көп болуы мүмкін деп есептейді.