© Photo : pixabay/soumen82hazra
Ұлытау облысындағы қыстақтардың бірінде 46 жастағы ер адам өлі табылды. Полицейлер марқұмның кім екенін анықтап, күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Марқұм қыстаудың иесі, шаруа қожалығының басшысы болып шықты. Мәйіттің табылғаны туралы хабарлама Ұлытау аудандық полиция бөліміне 31 қаңтарда кешке келіп түскен. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесінен бірнеше пышақ жарақатының ізі табылған.
Мәйіт табылған қыстау Ұлытау ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан. Оқиға орнына дереу облыстық Полиция департаменті мен Ұлытау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жіберілген. Олар қысқа мерзімде оқиғаның хронологиясын анықтап, кісі өлтірген күдіктіні ұстады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, осы шаруа қожалығының 45 жастағы жұмысшысын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Ол қылмысты жанжал кезінде жасағанын түсіндірді. Осыдан кейін ол атқа мініп тығылмақ болған, бірақ аумақты қарау кезінде ұсталған. Заттай айғақ алынды, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.