19 там, 2023 сағат 18:27

Ұлыбританияда медбике 7 сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді

сурет ашық дереккөзден алынды

Ұлыбританияда жеті сәбиді өлтірді деп айыпталған Люси Летбиге қатысты сот процесі өтті. Отырыс сотталушының қатысуынсыз болды. Алқабилер оны бірнеше бап бойынша кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Sky News порталына сілтеме жасап.

Люси Летби шала туылған нәрестелер бөлімшесінде медбике болып жұмыс істеген.

Бұрынғы медбике жеті сәбиді өлтіргені және тағы алты баланы өлтіруге әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Қазылар алқасы сәбилерді өлтіруге оқталуға қатысты тағы алты айып бойынша үкім шығара алмады. Әзірге тергеу өлім себебін анықтай алған жоқ.

Летби сөйлеуден бас тартып, балалардың өліміне қатысы жоғын айтты.

Соңғы үкім дүйсенбі күні шығады.

Летби соты - ұлыбританиялық құқық тарихындағы ең ұзақ соттардың бірі, ол 315 күнге созылды.