Фото:gov.kz
ҚР Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінде сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 9 қазанда болған.
"9 қазан сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан басына оқ атып, көз жұмды.
Оқиғаның себептері анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді" - делінген хабарламада.