06 қыр, 2019 сағат 12:04

Ұлттық кеңестің бірнеше отырысынан кейін нақты нәтиже боларына сенеміз – Максим Споткай

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірнеше отырысынан кейін нақты нәтиже боларына сенеміз. Мұндай пікірді аталған кеңестің мүшесі Максим Споткай білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі отырыс бүкіл еліміз үшін өте өзекті шара болды деп айтуға толық негіз бар. Шынында да осы кеңестің төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда қоғамымызда талқыланатын мәселелерге жауап берді. Бұл - өте үлкен алаң. Бүгін алғашқы отырысы өтті және бірнеше отырыстан кейін нақты нәтиже болады деп сенеміз. Сол үшін Президенттің өзі бұл алаңды, кеңесті басқарады. Меніңше, кеңес мүшелерінің айтқан ойлары, ұсыныстары өте орынды. Осы уақытқа дейін де бұл мәселелерді әлеуметтік желілерде талқылаған едік. Енді міне осы мәселелер президенттік деңгейге шығып отыр», - деді ол Ұлттық кеңестің бірінші отырысынан кейін.

Максим Споткай Ұлттық кеңестің саяси тобына мүше екендігін атап өтті.

«Біз алғашқы кездесуден кейін бірнеше нақты ұсынысты тобымызға жолдаған едік. Оны бүгін Айдос Сарым Президентке жеткізді», - деді кеңес мүшесі.