Ұлттық банк рубль бағамының теңгеге әсері туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлттық Банк нақты уақыт режимінде елдер үкіметінің, Орталық банктері мен қаржы ұйымдарының ресми мәлімдемесін қадағалап отырады және Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне ықпал ету дәрежесін бағалайды", - делінген хабарламада.
Алдағы күндері Ресей рублінің бағамы айтарлықтай құбылды және көп жағдайда нарық ықпалына және тәуекел-сентименттің өзгеруіне ұшырап, аз дәрежеде іргелі факторларды көрсетті, делінген ҰБ хабарламасында.
"Рубльдің шамадан тыс ауытқуының теңгеге негізсіз ықпал етуін төмендету үшін Ұлттық банк қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізетін болады. Мұндай интервенциялар көлемі мен жиілігі ішкі валюта нарығындағы жағдайға байланысты болады. Бұл ретте теңгенің икемді бағамы сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерді іске асыру аясында маңыздылығы артқан алтын-валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алтын-валюта активтерінің ағымдағы деңгейі импорттың 8,8 айын қантамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.