9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурызда астана уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.