2021 жылдың қараша айындағы халықтың инфляциялық күтуі бойынша Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰБ сайтына сілтеме жасап.
«2021 жылғы қарашада алдағы жылға инфляциялық күтулерді сандық бағалау өсті және 10,8%-ды (қазанда 10,3%) құрады. Респонденттердің ең үлкен үлесі алдағы 12 айда баға өсімінің жеделдеуін күтеді – 35% (қазанда 33%), бұл халықты зерттеу тарихындағы ең жоғары мән болды», - деді Денис Чернявский.
Оның айтуынша, қарашадағы сауалнама нәтижелері екінші ай қатарынан инфляциялық күтулердің сапалық бағалауындағы тарихи өсімді жаңарту жалғасып жатқанын көрсетті.
«Үй шаруашылықтарының көпшілігі алдағы 12 айда бағаның өсу қарқыны үдейді деп күтеді. Бүгінгі инфляцияны қабылдау, атап айтқанда, азық-түлік пен қуат көздерінің қымбаттауына байланысты жоғары деңгейде қалып отыр. Респонденттердің көпшілігі (74%) соңғы 12 айда бағаның қарқынды өскенін атап өтті», - деді.
Сарапшының пікірінше, тұтынушылардың көңіл-күйі қарашада төмендеген.
«Сонымен қатар болашақ табыстарға және жалпылай алғанда ел экономикасының дамуының қысқа және ұзақ мерзімді перспективаларына деген үміттің нашарлауы жалғасын тапты. Шығындар тұрғысынан респонденттердің көпшілігі әлі де ірі көлемдегі сатып алуларға қатысты ұстамдылық танытады: респонденттердің тек 19%-ы үлкен шығындарға дайын. Респонденттердің көпшілігі (қарашада 35%, қазанда 32%) қазіргі уақытты – жинақтарды қалыптастыру үшін қолайсыз деп бағалады», - деді Денис Чернявский.