Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Молдабекова қазіргі жағдайға байланысты ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақты сақтау үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатқанын айтты.
"Қазіргі уақытта олардың көлемі - 33 миллион доллар, жалпы сауда көлемі - 155 миллион доллар, бұл - барлық сауда-саттықтың шамамен 20 пайызы", - деді ол.