Украинаның бірнеше аймағында жарылыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
УНИАН ақпарат агенттігінің Telegram-арнасы мәліметінше, бүкіл Украинада әуе дабылы жарияланған. Бірқатар аймақ билігі шабуылдар туралы хабарлады.
Украинаның Винница облысында "дәл тиген соққылар бар", деп мәлімдеді облыс әкімшілігінің басшысы Сергей Борзов Telegram-арнасында. Оның хабарламасында бастапқыда "Ладыжинск ЖЭС-іне шабуыл" туралы айтылған, қазір облыс басшысы арнасында мұндай жазба жоқ екені атап өтілді.
Ладыжин қаласының әкімшілігі Facebook желісінде жылу электр орталығында электр жабдықтары зақымданғанын, онда тек аса қажет қызметкерлер қалғанын хабарлады.
Одесса облысында да жарылыс болғаны хабарланды. Жарылыстар Ровно облысы мен Кривой Рогта да (Днепропетровск облысы) тіркелген. Кривой Рог басшысы Александр Вилкул Telegram-арнасында тұрғындардан паналарына баруды сұрады.
Киев облысының басшысы Алексей Кулеба Facebook желісінде аймақта әуе қорғанысы жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Әуе қорғанысы жұмысы туралы Николаев облыстық әкімшілігі басшысы Виталий Ким де хабарлады.