Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Украинадағы оқиғаларға байланысты Қазақстандағы бизнес өкілдеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көрші елдердегі төтенше жағдайлар кезінде ведомство Қазақстанның негізгі нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отыратыны айтылған. Әңгіме әлеуметтік маңызы бар өнімдер, жанар-жағармай, газ, көмір, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар бағасының құбылуы туралы болып отыр.
"Агенттік бизнесті дүрлікпеуге және бағалық сөз байласуды белгілеу және қолдау, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ монополиялық жағдайды теріс пайдалану деректері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы бойынша сараланатынын ескертеді", - делінген хабарламада.