Қазақстанның Украинадағы елшілігі сол елдегі қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Әскери қауіпке байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын қатаң түрде орындауды, оның ішінде жақын маңдағы паналау орнына (бомба баспанасы, жерасты өткелі, жертөле, жерасты тұрағы, жерасты тоннель және т.б.) дереу жетуді ұсынамыз.
Қауіпті сәтте сіз тұрғын үй-жайда қалсаңыз, жарықтандыруды толығымен өшіріп, терезелерге жақындамаңыз және ең қауіпсіз орында болыңыз.
Ауыз су мен азық-түлікті алдын ала жинақтауға тырысыңыз» делінген хабарламада.
Айта кетейік, 24 ақпанда Ресей басшысы Владимир Путин Донбаста "әскери операция" бастайтынын хабарлап, артынша Украинаның түрлі аймағында жарылыстар болғаны белгілі болды. Украина ішкі істер министрлігі 17 облыста жарылыс пен әуеден соққы жасалғанын хабарлады. Елде әскери жағдай жарияланды.