03 нау, 2022 сағат 14:36

Украинада қалып қойған қазақстандық 6 жүк көлігі Польшаға жолға шықты


Көлік жүргізушілері Днепрден Польша Республикасына қарай аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, бүгін 2 жүргізуші Нихотевка өткізу бекеті арқылы Ресей шекарасынан өтті.

Палатаның мәліметінше, 21 жүк көлігі Украина аумағынан шыққан: 10 жүргізуші Ресейге, 8 көлік Молдоваға шықты.

Соның ішінде 4 жүргізуші - Түркия азматтары. Тағы 3 жүргізуші Польшаға жетті. 

3 наурыздағы жағдай бойынша 35 ірі жүк көлігінің жүргізушісі, оның ішінде қазақстандық көліктерде жүрген 4 украиналық жүргізуші әзірге Украина аумағында қалып отыр.