Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-де мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Путин Украинаға толыққанды шабуылды бастады. Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жасалып жатыр. Бұл - агрессив соғыс", - делінген хабарламада.
"Әлем Путинді тоқтата алады және тоқтатуы керек. Украина өзін қорғап, жеңеді. Әрекет ететін уақыт келді", - делінген хабарламада.