25 ақп, 2022 сағат 12:40

Украина президенті жаппай мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды


Украина президенті Владимир Зеленский жаппай мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Аталған құжат мемлекеттің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Мобилизациялау Винница, Волын, Днептропетров, Донецк, Житимор, Закарпат, Запорожье, Ивано-Франковск, Киев, Кировоград, Луганск, Львов, Николаев, Одесса, Полтава, Ривненск, Сумы, Тернополь, Харьков, Херсон, Хмельницкий, Черкас, Черновцы, Чернигов облыстары мен Киев қаласының аумағында жүретін болады.

Ол жарлық күшіне енген күннен бастап 90 тәулік ішінде жүреді.

Сондай-ақ Жарлықта әскери міндеттілерді, резервистерді шақыру және Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, Украинаның қауіпсіздік қызметінің, Мемлекеттік шекара қызметінің, Мемлекеттік арнайы көлік қызметінің, Мемлекеттік арнайы байланыс және ақпаратты қорғау қызметінің, Украинаның басқа да әскери құрылымдарының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарын тарату қарастырылған.