ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.
Бақытбек Қосжанов пен Асқар Әмірханов ҰҚК төрағасының орынбасары болды. Марат Осипов пен Дәулет Ерғожин төраға орынбасары қызметінен босатылды.
Еске салайық, 6 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын босатып, орнына Ермек Сағымбаевты тағайындаған болатын. Ол бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болған.