17 сәу, 2020 сағат 10:14

ТЖ жарияланғалы 180-ге жуық қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Мобильді жұмыспен қамту орталықтары төтенше жағдай кезінде Қазақстанның 174 азаматына еңбекке орналасуға көмектесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«174 қазақстандық төтенше жағдай кезеңінде Мобильді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда елімізде 31 Мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Оның 8-і – Нұр-Сұлтан қаласында, 11-і – Алматы қаласында, 10-ы – Шымкент қаласында және 2-еуі Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан. Төтенше жағдай кезінде осы орталықтар арқылы 894 адам жұмысқа орналасуға жіберілді, оның ішінде 174-і жұмысқа тұрды. Тағылымдамадан өткеннен кейін жұмысқа орналасқандардың саны артады деп жоспарланған», - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram-каналында.