Дүйсенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж.Түймебаевтың Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен кездесуі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жүздесуге ҚР Парламенті депутаттары, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен жастар қанатының өкілдері, Ассамблея мүшелері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының аға саяси кеңесшісі Марк Фумагалли және басқалар қатысты.
Қонақтарды Достық үйі мен Нұр-Cұлтан қаласындағы этномәдени бірлестіктердің қызметімен таныстыра отырып, Жансейіт Түймебаев Н.Назарбаевтың Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі және Ассамблеяның құрылымы мен жалпы атқарылған жұмыстары туралы айта кетті.
Өз кезегінде, қонақтар аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссардың сандық дәуірдегі аз ұлттар және медиа жөніндегі Таллин ұсынымдарымен таныстырды.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық пен тығыз байланыста жұмыс жасауға дайын екендерін білдірді.