05 сәу, 2024 сағат 14:05

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу қадамын қоғам түсінеді – сенатор


Сенатор Жанна Асанова Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты Заң жобасы әзірленгеннен бері атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Заң жобасы Сенатқа ұсынылғаннан бастап жұмыс тобының 16-дан астам отырысы мен қоғам өкілдерімен кездесулер өткізілген. Сентордың айтуынша, аталған заң жобасын жұмыс тобының мүшелері де, тәуелсіз сарапшылар да қолдаған.

"Заң жобасында: отбасылар мен балаларға көмек көрсету, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарын болдырмау, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдарды қолдау жөніндегі инфрақұрылымды құру жөніндегі іс-шаралар кешені. Екінші, Зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту (соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ауыстыру арқылы қылмыстық тану) мәселелері қаралады", - деп жазды сенатор әлеуметтік желі парақшасында.


Сондай-ақ, Заң жобасы аясында талқылаулар аяқталған.

"Зорлық-зомбылыққа төзбеуге байланысты жасалып жатқан қадамдардың маңыздылығы мен қажеттілігін қоғамның түсінетіні қуантады. Бұл Заң біздің азаматтарды зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға бағытталған. Басты міндеті балаларды ата-анасынан «айыру» емес, отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, олардың өсуі мен дамуы үшін қауіпсіз және қолайлы ортаны қамтамасыз ету", - деді Жанна Асанова.


Оның айтуынша, зорлық-зомбылықпен, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тұрғысында сенімді ақпарат көздеріне сүйену өте маңызды.

"Сенатор зорлық-зомбылыққа қатысты ұсыныстарды талқылау үшін ата-аналар одағымен кездесуді жоспарлаған. Бірақ белгісіз себептермен бұл ұйымның өкілдері ғимаратқа келіп, жұмыс істейтін аудиторияға кіруден бас тартқан. Ұсынысты талқылау үшін 40 минут күткеннен кейін олардың қатысуынсыз кездесуді жалғастыруға мәжбүр болдық . Жұмыс барысында одақтың ұсыныстары жұмыс тобы тарапынан қолдау таппады. Себебі үндеуде заң жобасының мақсаттары мен міндеттеріне еш қатысы жоқ көптеген қате түсіндірмелер бар", - деді сенатор Жанна Асанова.

Автор: Дулат Жумагазин