Фото: DPA/ТАСС
Түркияда жол апатына ұшыраған отбасының отағасы да көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Растаймыз. Ұлды туыстары алып кетті, ол Қазақстанда. Осы отбасының үш мүшесінің мүрдеcін бүгін Қазақстанға жібереді», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қыркүйекте Түркияның Алания қаласында сафари-көлік пен жеңіл автомобильдің соқтығысуы салдарынан журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан мен 2 жасары қызы оқиға орнында қайтыс болды.
Ал отбасының отбағасы жансақтау бөліміне түскен еді. 2014 жылы туған ұлдары да ауруханада болды. Оның денсаулығына аса қауіп төнбеген.