Фото: © Sputnik / Варвара Гертье
Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір Қазақстан азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды.
Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттарды ресімдегеннен кейін марқұмның денесі Қазақстанға жіберіледі», - дейді ҚР СІМ өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың бірі ауруханада көз жұмғаны хабарланған болатын. Жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.