Фото: Otyrar.kz
Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны 33 жастағы Гүлназ Қожабекова үшем босанды. Ұлдарға Қасым мен Жомарт, ал қызға Кемел деген есім берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
OTYRAR Telegram арнасы жазғандай, әр баланың салмағы екі келі болды.
"Кейбір қарсы көрсеткіштерге байланысты әйелге ота жасау керек болды", – делінген хабарламада.
Көп балалы әйел бірінші перинаталдық орталықтың акушерлік блогының медицина қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
"Біз балаларға біздің президент сияқты болады деген үмітпен Қасым, Жомарт және Кемел есімдерін бердік. Мен бақыттымын", — деп бөлісті Гүлназ Қожабекова.