Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының атауын өзгерту ұсынылды. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА"порталында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жобаны қоғамдық талқылауға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 30 маусымда енгізген.
Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы" Жарлықты "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы" деп өзгерту ұсынылды.