Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың төмендеуі тұрғындардың, оның ішінде халықтың осал топтарының тұмауға қарсы вакцина ектіруімен, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауымен байланысты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстанда осы эпидемиялық маусымда ЖРВИ мен тұмау ауруының төмендеуі байқалады. Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 2,2 есегазайды. Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың төмендеуі тұрғындардың, оның ішінде халықтың осал топтарының тұмауға қарсы вакцина ектіруімен, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауымен, ұйымдасқан ұжымдардың оқшаулануымен (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары) байланысты», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.