Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы екпені сатып алу кезінде вакцинаны таңдау тәсілін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан бекітілген вакцинаны сатып алады. Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары кезеңінде ел арасында таралатын тұмау штамы бойынша аталған ұйым талдау жасайды. Сәйкесінше, Қазақстан сатып алған екпе - ол ресейлік вакцина. Ондағы антиденелер шмамдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талап ететін стандарттарға сәйкес келеді», - деп түсіндірді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, аталған вакцина жергілікті әрі республикалық бюджет есебінен сатып алынады.
«Бұл өз кезегінде әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қамтамасыз ету үшін ескерілген. Бірінші кезекте, балалар, жүрек пен тыныс алу органдарының созылмалы ауруы барлар, егде жастағы адамдар мен жүкті әйелдер. Олардың барлығына екпе жасау емханада ақысыз жүргізіледі», - деді Т. Сұлтанғазиев.
Сонымен қатар комитет басшысы қалған азаматтар вакцинаны ақылы тұрде алатынын жеткізді.