25 мау, 2025 сағат 09:08

«Тұмар» - 2025 Ұлттық сыйлығының шорт-листі жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.

Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.

«Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:

Ең үздік әлеуметтік тележоба:

  • • «Таза қала» - JIBEK JOLY телеарнасы
  • • «Таза Қазақстан» - 24KZ телеарнасы
  • • «Жақсылық жаса» -  QAZAQSTAN TV телеарнасы
  • • «Әке арманы» - АSTANA TV телеарнасы

Жылдың ең үздік репортажы:

  • • «В гостях у кочевников» - МИР телеарнасы
  • • «Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • • «Театры выживают за счёт талантов» - Хабар телеарнасы
  • • «Абадан» - ЖЕТІСУ телеарнасы

Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:

  • • «Жетінші студия» - 7 арна
  • • «Basty taqyryp» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • • «Әлем және біз» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
  • • «President» - 24KZ телеарнасы

Ең үздік журналистік зерттеу:

  • • «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • • «По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» - МИР телеарнасы
  • • «Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» - QYZYLORDA TV телеарнасы
  • • «Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» - ATYRAÝ TV телеарнасы

Жылдың ең үздік телехикаясы: 

  • • «Күзде келген көктем» - Хабар телеарнасы
  • • «Құтқару қызметі» - 7 арна
  • • «12:00» - 31 арна
  • • «111. JUZ ON BIR» - JIBEK JOLY телеарнасы

Ең үздік деректі фильм: 

  • • «Человек с острова Кулалы» - JIBEK JOLY телеарнасы
  • • «Вандализммен күрес» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • • «Закладчики. Расплата» - QYZYLJAR телеарнасы
  • • «Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» - Хабар телеарнасы

Ең үздік балалар тележобасы: 

  • • «Дара бала» - BALAPAN телеарнасы
  • • «Давай меняться» - ERTIS TV телеарнасы
  • • «Түркістан сақшылары» - TURKISTAN TV телеарнасы
  • • «Дарын» - QOSTANAI TV телеарнасы

Ең үздік өңірлік арна:

  • 77TV телеарнасы – Жамбыл облысы
  • Saryarqa телеарнасы –Қарағанды облысы
  • Caspian News телеарнасы – Атырау облысы
  • ULYTAU телеарнасы - Ұлытау облысы

Ең үздік тележурналист:

  • • Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы
  • • Айнұр Иманғали –JIBEK JOLY телеарнасы
  • • Аслан Қаженов –24KZ телеарнасы
  • • Әйгерім Пернебекова –ALMATY TV телеарнасы

Ең үздік тележүргізуші:

  • • Оксана Петерс – 7 арна
  • Үмбетәлі Меймеш –ALMATY TV телеарнасы
  • • Мөлдір Доспаева –Хабар телеарнасы
  • • Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы

Ең үздік спорттық комментатор:

  • • Жандос Айтбай –Хабар телеарнасы
  • • Ерік Ерсін –QAZSPORT телеарнасы
  • • Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
  • • Азамат Нұғыманов - QAZAQSTAN TV телеарнасы

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапасын арттыру және дамыту, телевизиялық контент өндіру саласындағы дарынды мамандарды қолдау және үздіктерін марапаттау.