14 там, 2019 сағат 17:57

Трамп АҚШ президенті болғалы 5 млрд долларынан айырылды

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы болып сайлануына байланысты 5 млрд доллардан айырылғанын айтты, деп хабарлайды NBC телеарнасы.

Трамп бизнесмендік мансабын тоқтатқалы бері ала алмай қалған табыстарын, сондай-ақ өзіне білдірілген шағымдармен айналысқан адвокаттарға кеткен қаражаттарды осылай бағалаған.

«Президент болуыма байланысты шамамен үш-бес миллиард доллардан айырылдым. Бірақ маған бәрібір, мені ол қызықтырмайды. Президент болғанымның өзі мен үшін бақ-дәулет», - деді Трамп.

NBC телеарнасының хабарлауынша, Трамптың осыншама қаржыдан айырылып отырғанын анықтау мүмкін емес. Айта кетейік, Forbes журналының наурыз айындағы дерегі бойынша, Трамп активтерінің жиынтық құны шамамен 3,1 млрд доллардың айналасында.