03 сәу, 2020 сағат 09:00

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының ресми парақшасы іске қосылды

Primeminister.kz елімізде Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ресми парақшасын іске қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

«Сайтта Қазақстан аумағында COVID-19-дың таралуына жол бермеу шаралары туралы басты жаңалықтар мен ресми құжаттарды қоса алғанда, Шұғыл штабтың жұмысы туралы соңғы ақпараттар жарияланады»,-делінген хабарламада.