ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова төтенше жағдай және карантин кезінде министрлер қалай жұмыс істейтіндігін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Меніңше, министрлер қашықтан жұмыс істемейді. Себебі олар мемлекеттік органның басшысы әрі бүкіл мемлекеттік органның жұмысы үшін жауапты», - деді Анар Жайылғанова Орталық коммуникацичлар қызметіндегі брифингте.
Айта кетейік, кеше ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған екі қала бүгін сағат 00:00-ден карантинге жабылады.