16 сәу, 2020 сағат 20:06

Төтенше жағдай кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде бизнеске қолдау көрсету жұмыстарының нәтижесін баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл бағытта нәтижелі жұмыс жүргізілді және бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Оған Қаржы, Ұлттық экономика, Энергетика министрліктері мен «Атамекен» ҰКП, Ұлттық банк, әкімдіктер тартылған. Жеңілдікпен несиелер беріліп жатыр. Ол үшін 33 млрд теңге қарыз мақұлданды», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілерге салық азайтылды. 

«2020 жылдың соңына дейін қонақүй бизнесі және тамақтану сынды бизнес өкілдеріне мүлік салығы тоқтатылды. Салықтық тексерулер мен есептер де кейінгі қалдырылды. Бір миллионнан астам салық төлеушіге айыппұлдар мен өсімпұлдарды өндіріп алу тоқтатылды. Мұның барлығы - ауқымды жұмыс», - деді Д. Абаев. 

Бұған дейін министр ТЖ кезінде халыққа әлеуметтік қолдау көрсету механзимі туралы пікір білдірген еді.