Бүгін Атырау соты облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жаңа туған нәрестені қасақана өлтірді деген айыппен үкім шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылған облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев - 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16 жылға, акушер Жәмила Құлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 3,7,14-тармақтарымен айып тағылды. Неонатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаеваның үш жылға бас бостандығы шектелді. Олар қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталды» деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.