03 сәу, 2023 сағат 13:14

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жәрдемақы уақытынан бұрын өсуі мүмкін

Фото: Depositphotos.com

Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 1 қыркүйектен емес, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап арттыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімінің жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

"2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген хабарламада.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 17 сәуірге дейін жалғасады, оған қатысты пікіріңізді мына жерге жаза аласыз.