Фото: Қорғаныс министрлігі: UGC
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуден кейін Қазақстанда қандай қару сатып алуға шешім қабылданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Иә, кешегі кездесуде Жоғарғы Бас қолбашы қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес жоспарланған қару-жарақтың жаңа жүйелерін сатып алу көзделіп отыр. Ол броньды танк, зымыран-артиллериялық қару-жарақ техникасы, Әскери-теңіз күштері және Әуе қорғанысы күштеріне керек жабдықтар", - деді Камалетдинов.
Сондай-ақ, ол запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы айтты.
"Әскери қызметке 190 запастағы офицер шақырылады. Соның ішінде 150 адам - Қарулы Күштерге, 40 адам - ҰҚК шекара қызметіне. Расында да, төменгі командалық құрамда тапшылық бар", - деді Камалетдинов.