07 сәу, 2023 сағат 15:19

Тоқаевқа сыйға берілген Наурыз атты күшік қазір қандай?


БОРТ N1 Telegram арнасы Президент Тоқаевқа Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Астанадағы кинологтар көрмесінде сыйға тартылған Наурыз атты күшіктің видеосын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ол қазір баяғыдай себетте дірілдеп жататын түйіршік емес, көз алмай бақылауды қажет ететін епті күшік. Біз Наурыздың алғаш рет аңға шығуын, жетістігін, есеюін міндетті түрде көрсетеміз. Кім біледі, бәлкім, бір күні Ақорданы қорғауына алатын шығар?!", - делінген жазбада.

Еске салайық,  Наурызды Мемлекет басшысына тазы өсіруші Анна Захарова сыйға тартқан болатын.

«Сізге сыйлық тарту еткіміз келеді. Ежелден қазақы ит тұқымы Қазақстанда өте құнды сыйлықтың бірі саналып келген еді. Өкінішке орай, соңғы жылдары оның құндылығы төмендеп бара жатыр. Сіз қабылдаған қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту жөніндегі жаңа заңды қабылдаудың арқасында мына күшік те тазы тұқымын көбейтуге септігін тигізеді деп үміттенеміз. Құжаттары бар, аты – Наурыз. Ол осыдан 1,5 ай бұрын дүниеге келді. Тұқымында жалғыз болғандықтан осынай ат берудің нышандық мәні болды», - деген еді Президентке күшікті сыйға тартқан асыл тұқымды тазы өсіруші.