16 ақп, 2022 сағат 16:45

Тоқаев Жаңылсын Арқарованы Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуды ұсынды


Сенатта Жаңылсын Арқарованы Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселе талқыланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Парламенттің жоғарғы палатасының сайтына сілтеме жасап.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуды ұсынған кандидатураны талқылады.

"Сенат комитеті Парламент Сенатына Жоғарғы сот судьясы Арқарова Жаңылсын Баянқызы отставкаға кетуіне байланысты және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынсына сай оны қызметінен босатуды ұсынды", - делінген хабарламада.