Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.
Кездесуде бұл халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.