
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдарымыздың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету тапсырылды. Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды»,-деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
