16 қыр, 2022 сағат 01:07

Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барды


Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентін Самарқанд әуежайында Өзбекстан Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевты «Silk road» туристік орталығында ел Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. 

Бұл жерде ҚР Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларымен бірге «Silk road» туристік орталығында өткен тал егу рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.

 


Тоқаев Өзбекстанда басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Айта кетейік, 2001 жылы құрылған ШЫҰ құрамына қазір Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Үндістан және Пәкістан кіреді.